«Тағы бала туып береді, екеуі ажырасып кетуі мүмкін»: нумеролог Қабатов пен тоқалы туралы айтты

07.11.2025 11:02 Әсел Мұрат
«Тағы бала туып береді, екеуі ажырасып кетуі мүмкін»: нумеролог Қабатов пен тоқалы туралы айтты
0
201
Коллаж: ozgeris.info

Айнұр Коджаева есімді нумеролог желіде Тұрсынбек Қабатовтың тоқалының сандарына талдау жасады, деп хабарлайды  POLITICO.KZ ozgeris.info-ға сілтеме жасап. 

Маманның сөзінше, жас тоқалы көп нәрсені Мөлдірді қызғандыру үшін әдейі істейді. 

«Ол - гедонист. Оған барлығы ол үшін қызмет етіп тұрса ұнайды. Өзін қинағысы келмейді. Сондықтан да 18 жасында ақшасы бар еркектің екінші әйелі болуға оңай келісе салған болуы мүмкін. Ол үшін көпшіліктің аузында жүріп, барлығын өзіне қаратқан ұнайды. Мөлдірге шағым айтып, ол туралы сөз қозғай берудің қажеті жоқ. Себебі мұндай нәрселер тоқалына ұнайды. Прогноз бойынша 2025 және 2026 жылдар Тұрсынбек екеуі үшін де оңай болмайды. Барлық жақтан сынға ұшырайды. Ал 2027 жылы бала дүниеге әкелуі мүмкін. Сондай-ақ оның атына жылжымайтын мүлік те жазылады. 2028 жылы қарым-қатынастарында дағдарыс болады. Көзге шөп салу қаупі бар. Кешірім беруі де мүмкін. 2030 жылы Тұрсынбек екеуі ажырасып кетуі ғажап емес. Екеуі үшін де өзгеріс кезеңі болады. Ажырасу да, отбасын сақтап қалу да тек екеуіне байланысты. Бірақ кризистен қашып құтыла алмайды», - деп талдау жасады нумеролог.
 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий