«Таразда бір ай бұрын жөнделген мемориалдың быт-шықты»: Ресей Қазақстанға шұғыл нота жолдады

«Таразда бір ай бұрын жөнделген мемориалдың быт-шықты»: Ресей Қазақстанға шұғыл нота жолдады
Фото: Жамбыл облысы полиция депаратменті

Тараз қаласында ауқымды қайта жаңарту жұмыстарынан кейін жақында ғана ашылған тарихи ескерткіш вандалдардың қолынан зардап шекті. Полиция департаменті аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғап, кінәлілерді іздестіруге кірісті, деп хабарлайды Politico.kz.

Оқиға Ұлы Отан соғысы жылдарында Жамбылдағы эвакуациялық госпитальдарда ауыр жарақаттан көз жұмған Қызыл әскердің 72 белгісіз жауынгері жерленген аумақта болған. Белгісіз бұзақылар сарбаздар рухына тағзым ретінде орнатылған мемориалдық стеланы толықтай дерлік қиратып кеткен. Ең өкініштісі, бұл кешен күрделі жөндеуден өтіп, небәрі 15 қазан күні ғана көпшілікке қайта ұсынылған еді.

Орын алған жайтқа байланысты Ресейдің Алматыдағы Бас консулдығы ресми мәлімдеме жасап, оқиғаға жан-жақты әрі әділ тергеу жүргізуге шақырды. Сонымен қатар дипломатикалық өкілдік Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне арнайы нота жолдаған. Өз кезегінде СІМ ресейлік тараптан ресми өтініш түскенін растады.

Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары «ескерткішті қорлау» дерегі негізінде іс қозғап, құқықбұзушылыққа қатысы бар тұлғаларды анықтау бағытында жедел-іздестіру шараларын жүргізуде. Полиция өкілдері тарихи нысанды бүлдірген азаматтардың заң аясында қатаң жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу