Тоқаев әнші Дастан Оразбековті де марапаттады 

21.05.2026 15:34 Әсел Мұрат
Тоқаев әнші Дастан Оразбековті де марапаттады 
225
Фото: Ақорда

Президент жарлығымен мәдениет саласындағы аса үздік жетістіктері және Қазақстанға сіңірген айрықша еңбегі үшін бір топ азаматқа мемлекеттік награда табысталды, деп хабарлайды Politico.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін төл мәдениетіміздің өрісін кеңейтіп, халқымыздың рухани дүниетанымын байыту жолында жемісті еңбек етіп жүрген бір топ азаматты жоғары мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы шешім қабылдағанын жеткізді.

Марапатталғандар қатарында әнші Дастан Оразбеков те бар. Оған «Құрмет» ордені берілді.

Сондай-ақ «Құрмет» ордені актер Аян Өтепбергенге, әнші Медет Салықовқа тапсырылса, «Ерен еңбегі үшін» медалімен актер Жасұлан Көпберген марапатталды.

2024 жылдан бастап осы күнге дейін мәдениет және өнер қайраткерлеріне жалпы саны 200 пәтер берілді. Президент бұл игі үрдіс міндетті түрде өз жалғасын табатынын айтты.

Биыл елімізде 120 мәдениет және өнер қызметкері мемлекеттік марапатқа ие болады.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан ІІ дәрежелі «Барыс» орденін алғанын жазған едік.
 

Войдите, чтобы оставить комментарий