Тоқаев Конституциялық сот төрағасының орынбасарын тағайындады
Конституциялық сот судьясы Бақыт Нұрмұханов Конституциялық сот төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Politico.kz.
Мемлекет басшысы тиісті жарлыққа қол қойды.
Ол бұған дейін де осы қызметті атқарған.
Бақыт Нұрмұханов туралы
Ол 1979 жылы 13 мамырда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
2000 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2000 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті заң факультетінің қылмыстық құқық және қылмыстық процесс кафедрасының оқытушысы қызметінен бастады.
2003-2011 жылдары – Конституциялық кеңес аппаратының құқық бөлімінің консультанты, құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас сарапшысы, бас сарапшы, бас консультант, құқықтық сараптама бөлімінің аналитикалық жұмыс секторының жетекшісі, Конституциялық кеңес төрағасының кеңесшісі.
2011-2017 жылдары –Конституциялық кеңес аппаратының құқықтық сараптама бөлімінің жетекшісі.
2017-2022 жылдары – Конституциялық кеңес аппаратының басшысы.2008–2022 жылдары Еуропа Кеңесінің Құқық арқылы демократия жөніндегі Еуропалық комиссиясымен (Венециялық комиссия) байланыс жөніндегі офицер қызметін қоса атқарды.
2023 жылы Конституциялық сотының судьясы болды. 2026 жылдың қыркүйегінен бастап осы қызметке қайта тағайындалды.
2023 жылы 10 қаңтардан бастап Конституциялық сот төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
Соңғы жаңалықтар