Тоқаев тағы бір комиссия құрып, құрамын бекітті

Тоқаев тағы бір комиссия құрып, құрамын бекітті
Фото: Depositphotos.com

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы жарлыққа қол қойды. Құжатқа сәйкес, президент жанынан арнайы комиссия құрылып, оның құрамы бекітілді, деп хабарлайды Politico.kz.

Комиссия мемлекеттік басқару жүйесін реформалаудың негізгі бағыттары мен тәсілдерін айқындап, кешенді жоспар әзірлеуге қажетті ұсыныстарды қарайды. Комиссияның жұмыс органы – Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі.

Комиссия құрамына мемлекеттік органдардың басшылары, Құрылтай депутаттары және Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері кірді.

Комиссия құрамы:

  • Роман Васильевич Скляр – Президент Әкімшілігінің басшысы, комиссия төрағасы;
  • Әсет Арманұлы Ерғалиев – Президенттің кеңесшісі – Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы, комиссия төрағасының орынбасары;
  • Әлихан Асханұлы Смайылов – Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы;
  • Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев – Премьер-министрдің орынбасары – Үкімет аппаратының басшысы;
  • Серік Мақашұлы Жұманғарин – Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі;
  • Жаслан Хасенұлы Мәдиев – Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі;
  • Ержан Нұрланұлы Жиенбаев – Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары;
  • Қуанышбек Бақытбекұлы Есекеев – Президенттің көмекшісі;
  • Дархан Медеғалиұлы Жазықбай – Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы;
  • Ерлан Жақсылықұлы Сәрсембаев – Әділет министрі;
  • Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек – Астана қаласының әкімі;
  • Марат Мұратұлы Ахметжанов – Ақмола облысының әкімі;
  • Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды – Алматы қаласының әкімі;
  • Болат Оралұлы Ақшолақов – Атырау облысының әкімі;
  • Шахмардан Асқарұлы Байманов – Құрылтай депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі;
  • Сұңғат Қуатұлы Есімханов – Құрылтай депутаты, Экономикалық саясат, өнеркәсіп және энергетика комитеті төрағасының орынбасары;
  • Шолпан Таңатқызы Каринова – Құрылтай депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі;
  • Екатерина Васильевна Смышляева – Құрылтай депутаты, Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитеті төрағасының орынбасары;
  • Андрей Иванович Лукин – Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі;
  • Бағдат Батырбекұлы Мусин – Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі;
  • Айгүл Амантайқызы Шайымова – Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары, комиссия хатшысы.

Комиссия отырыстарына қажет болған жағдайда орталық мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың және басқа да ұйымдардың өкілдері қатыса алады.

Айта кетейік, бұған дейін Тоқаев «Халықтық құрылыс» қаржысын бақылайтын комиссия құрған болатын.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу