Алматыда бес адам қаза тапқан өртке байланысты қылмыстық іс қозғалды

Алматыда бес адам қаза тапқан өртке байланысты қылмыстық іс қозғалды
Фото: polisia.kz

Алматының Бостандық ауданында бес адамның өмірін қиған өртке байланысты полиция қылмыстық іс қозғады. Қаза тапқандардың арасында кәмелетке толмаған бала бар, деп хабарлайды Politico.kz.

Алматы қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, қазір өрттің шығу себебі мен адамдардың қандай жағдайда қаза тапқаны анықталып жатыр.

«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп мәлімдеді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, Бостандық ауданындағы жеке тұрғын үйден шыққан өрттен бес адам қаза тапқан болатын.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт туралы хабар 112 қызметіне сағат 03:44-те түскен. Алғашқы өрт сөндірушілер оқиға орнына төрт минуттан кейін жеткен. Алайда ол кезде үйді түгелдей жалын шарпыған.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу