Тоқаев Таяу Шығыстағы соғысты тоқтату туралы келісімді құптайды

08.04.2026 08:45 Әсел Мұрат
Тоқаев Таяу Шығыстағы соғысты тоқтату туралы келісімді құптайды
71
Фото: Ақорда. Суретте: Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ пен Иранның бітімге келуін құптайды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров жазды, деп хабарлайды Politico.kz.

Смадияровтың айтуынша, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф пен Пәкістан Қарулы күштерінің бас қолбасшысы, фельдмаршал Асим Мунирдің араағайындығы арқылы Таяу Шығыстағы соғысты толық тоқтату және бітімге келу туралы келісімге қол жеткізілуін құптайды.

«Бұл келісім АҚШ Президенті Дональд Трамптың және Иранның жоғарғы басшылығының, сондай-ақ әскери қақтығысқа қатысқан елдердің ізгі ниеті мен парасаттылығының арқасында мүмкін болды», - деп жазды Смадияров. 

Ол Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұл келісімді құптап, оның ұзақ мерзімді бейбітшілік пен әлемдік саудаға оң әсер ететініне үміт білдіретінін жеткізді.

«Мемлекет басшысы әлемдік сауданың дамуына және барлық мемлекеттің экономикалық өркендеуіне жағдай жасау мақсатында қол жеткізілген бітімгершілік келісімнің  ұзақ мерзімді сипатқа ие болатынына үміт білдірді», - деді ол.

Айта кетейік, АҚШ пен Иран екі апталық бітімге келді. Екі ел 10 сәуірде Исламабадта келіссөз өткізеді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий