Трамп Украинаға әскери көмек көрсетуді тоқтатты

Трамп Украинаға әскери көмек көрсетуді тоқтатты
04.03.2025 08:59
0
702
Amanda Perobelli/Reuters
АҚШ Киевке қару-жарақ жеткізуді кідіртіп отыр

АҚШ президенті Дональд Трамп Украинаға әскери көмекті уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды BBC. Бұл шешім Трамп пен Украина президенті Владимир Зеленский арасындағы Ақ үйдегі кездесуден бірнеше күн өткен соң қабылданды.

"Президент бейбітшілікті қалайтынын ашық айтты. Бізге серіктестеріміздің де осы мақсатқа ұмтылғанын көру маңызды. Сондықтан біз Украинаға көмекті уақытша тоқтатып, оны қайта қарастырамыз", – деп мәлімдеді Ақ үй өкілі.

Bloomberg пен Fox News деректеріне сүйенсек, бұл көмек түпкілікті тоқтатылмаған, тек Украина билігінің бейбітшілікке ұмтылуын көрсетуі талап етілген.

Украинаға әлі жеткізілмеген барлық әскери жабдықтар, Транзитте тұрған қару-жарақ, Польша арқылы жеткізілуі тиіс әскери техникалар тоқтатылды.

Трамптың шешіміне байланысты АҚШ Қорғаныс министрі Пит Хегсет әскери көмекті тоқтатуды бақылауға алады.

Wall Street Journal басылымы АҚШ әкімшілігінің Украинаға жаңа қару-жарақ жеткізуді толық тоқтату нұсқасын қарастырып жатқанын жазды. Егер бұл шешім күшіне енсе, Украина әскери қару-жарақ тапшылығына ұшырауы мүмкін.

Мемлекеттік департаменттің жоғары лауазымды шенеунігі Питер Марокко Пентагонға қажетті рұқсат бермегендіктен, Украинаға жаңа көмектің жеткізілуі кешеуілдеп жатыр.

Америкалық сарапшылардың пікірінше, егер жаңа көмек тоқтатылса, Украинада қару-жарақ жыл ортасына дейін ғана жеткілікті болуы мүмкін.

Трамптың бұл шешімі Ресей мен Украина арасындағы соғысқа қалай әсер ететіні әзірге белгісіз.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий