Трамп Зеленскиймен әңгімесін жариялады
1937
Трамп Украина президентімен Мюнхендегі келіссөздер жайлы айтты
АҚШ президенті Дональд Трамп Украина басшысы Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлескенін мәлімдеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
"Мен Украина президенті Владимир Зеленскиймен жаңа ғана сөйлестім. Әңгімеміз өте жақсы өтті. Ол да, президент Путин де бейбітшілікті қалайды", – деп жазды Трамп Truth Social желісінде.
Оның айтуынша, келіссөздер барысында соғыс жағдайы мен алдағы кездесу тақырыбы қозғалған. Трамп 16 ақпанда Мюнхенде өтетін жиынға АҚШ делегациясын вице-президент Джей Ди Вэнс пен мемлекеттік хатшы Марко Рубио бастап баратынын айтты.
"Бұл кездесудің оң нәтижелі болатынына сенемін. Біз қантөгісті тоқтататын кезге келдік. Бұл ақымақ соғыс сансыз өлім мен қирауға алып келді", – деп мәлімдеді АҚШ президенті.
Трамп өз сөзін "Құдай Ресей мен Украина халықтарын қолдасын!" деп аяқтады.
.jpg)
Соңғы жаңалықтар
21.08.2026
13:00
Тоқаевтың қолтаңбасы бар сағат сатылымға шықты
21.08.2026
12:30
7 жылда 55 есе көбейген алаяқтық Қазақстандағы ...
21.08.2026
12:24
"Кешіре алмайды": Мөлдір Мұқан қоғамдағы қатыге...
21.08.2026
11:52
Алматыда ер адам 65 жастағы енесін зорлаған: по...
21.08.2026
11:38
Тойда уағыз айтып ұсталған ақсақал 2 ай қамауда...
21.08.2026
11:13
Жағажайдан бір отбасының үш мүшесінің мәйіті та...