Түрмеде отырған Бишімбаев үшінші рет үйленіп алған ба? – адвокаты жауап берді

07.04.2026 17:42 Әсел Мұрат
Түрмеде отырған Бишімбаев үшінші рет үйленіп алған ба? – адвокаты жауап берді
761
Фото: ашық дереккөз

24 жылға сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаев ресми некеге тұрып, заңды некедегі әйелімен кездесуге шығып тұрады. Бұл туралы Azattyq Rýhy редакциясына аноним дереккөз мәлімдеген, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл ақпараттың рас-өтірігін анықтау үшін Azattyq Rýhy редакциясы сотта оның адвокаты болған Ерлан Ғазымжановқа хабарластып, мән-жайды сұрап білді.

Адвокат «Қуандық Бишімбаевтың ресми некеге тұрып, сол некедегі әйелімен ұзақмерзімді кездесуге шығып жүргені рас па» деген сұраққа жауап берді.

«Бұл ақпаратты жоққа шығарамын», - деді адвокат.

Дегенмен, осы мәселеге қатысты комментарий алу үшін Azattyq Rýhy редакциясы Қылмыстық атқару жүйесі комитетіне ресми сауал жолдаған. Әзірге комитеттен жауап болмаған. 

Еске салайық, Қуандық Бишімбаев 2023 жылы 9 қарашаға қараған түні Астанадағы мейрамханада азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы аяусыз ұрып қинап өлтірген. 

2024 жылы сот оны 24 жылға бас бостандығынан айырды. Қуандық Бишімбаев Степногорск қаласындағы түрмеде жазасын өтеп жатыр.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий