Тұрсынбек әйелін тастап дұрыс істеген - қоғам белсендісі

12.11.2025 13:58 Мөлдір Талғат
Тұрсынбек әйелін тастап дұрыс істеген - қоғам белсендісі
0
240
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Тұрсынбек Қабатов

Белгілі қоғам белсендісі қазіргі қоғамда кеңінен талқыланып жатқан отбасылық жағдайға қатысты өз пікірін ашық білдіріп, әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Ол бұл жазбасында қоғамдағы кейбір әрекеттердің моральдық және дәстүрлік тұрғыдан дұрыс еместігін айтып, өзінің наразылығын жеткізді.

Ол ең алдымен әлеуметтік желіде тараған бейнежазбаға тоқталып, өз көзқарасын ашық айтты:

"Тұрсынбектің қатыны инстада балаларын айналдыра отырғызып, көлкілдетіп жылатқызып жатыр. Өзі де көлкілдеп отыр. Апыр-ай, кәдімгі қара жамылғанда жоқтау айтылады ғой, тура сол сияқты. Тұрсынбек өліп қалған жоқ, тірі жүр. Дәл мынау әрекеті дұрыс ниетін көрсетіп тұрған жоқ," — деп жазды ол.

Белсенді өз пікірін әрі қарай өрбіте отырып, мұндай мінездің қазақы дәстүрге де, әйелдің абыройына да сай келмейтінін айтты:

"Әулет қара жамылғанда да біздің апаларымыз бұлай көлкілдемеген. Қайта, көлкілдей беретін көлгірсігендерге айқайлап, сабап, мықты бол деп ұрсып тастағанын талай көргенмін бала шағымнан. Байын ұстап тұра алмаған қатынның мынау ісі салтта да, дәстүрде де жоқ. Жиіркенішті көрініс. Ұлға да, қызға да опа беретін көрініс емес," — деді ол.

Ол бұл әрекетті ел алдында өз жарасын көрсету, халықтың мүсіркеуін күту деп бағалап, мұндай қылықты дұрыс емес деп санады:

"Елді мезі қылып бітіргенімен шаруасы жоқ, жұрт мені мүсіркей береді деп жарасын тырнап отыратын бұл да аферист қатын болды. Өз жараңды өзің жалап жазбасаң, жұрт саған дос деп ойласаң қателесесің мынау заманда. Ел алдына жеке шаңырақтағы барыңды жайып сала берсең, о тоба, сонда кім болғаның..." — деп жазды қоғам белсендісі.

Сонымен қатар ол өзінің қазіргі таңда екі әйелге көмек көрсетіп жүргенін айтып, оларды мысал ретінде келтірді:

"Мен дәл қазір қазақтың екі қызына көмек беріп жүрмін. Соның бірі – Маржан. Өте мықты, өте шынайы қыз. Нағыз күрескер. Екіншісі – қаршадай жас қыз. Бұл қызға жаның ашиды. Осы екі қыз ләм демейді, жыламайды, сықтамайды. Қолдаймын десеңдер, дәл осы қыздарды қолдаңдар," — деді ол.

Белсенді өз ойын түйіндей келе, әрбір қазақ отбасы түрлі сынақтардан өтіп жатқанын, ал қоғамдағы кейбір адамдардың жағдайы әлдеқайда жақсы екенін айтты:

"Қазір әрбір қазақтың отбасында өзіне жетерлік ауыртпалығы мен қайғы-мұңы бар. Ал, Тұрсынбектің қатынының барлық жағдайы жасалған. Сендерден жағдайы жүз есе мықты. Оны мүсіркемей-ақ қойыңдар. Бұл қатынның істеп отырғаны жоқшылықтан емес, тоқшылықтан. Құдайға шүкір деу керек. Бала-шағалары аман, жанында жүр, жағдайы дұрыс. Тұрсынбекке рахмет, осылардың бар жағдайын жасап беріп кеткен. Мынау әрекеттерге дұрыс баға берер болсаң, Тұрсынбек дұрыс істеген сияқты," — деп қорытындылады ол өз жазбасын.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий