ТЖД Астанада үш баланың өмірін жалмаған өрт жайлы мәлімдеме жасады

12.04.2026 17:31 Қарақат АСЫЛОВА
ТЖД Астанада үш баланың өмірін жалмаған өрт жайлы мәлімдеме жасады
553
Оқиға бойынша тергеу басталды

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті түнде болған қайғылы өртке қатысты жаңа мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Politico.kz.

Құтқарушылардың айтуынша, оқиға болған тұрғын үй кешенінің ауласына кіру темір қақпамен жабылып, аула автокөліктермен толып тұрған. Бұл жағдай өрт сөндіру техникаларының қозғалысын қиындатқан. ТЖД өкілінің мәліметінше, өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде пәтер толықтай жанып жатқан. Пәтер есігі жабық болғандықтан, құтқарушылар оны арнайы құралдардың көмегімен ашуға мәжбүр болған.

Мамандардың айтуынша, өрт дабылы жүйесі іске қосылып, лифтілер бірінші қабатқа автоматты түрде түскен. Соған қарамастан, ауладағы кедергілер өрт сөндіру жұмыстарына белгілі бір қиындық туғызған. Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында тілсіз жаудың көрші пәтерлерге таралуына жол берілмеді.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, өрттің шығу себептері мен барлық мән-жайларды анықтау үшін тиісті сараптамалар тағайындалды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий