Зеленский: Украина 30 күндік бітімге дайын, бірақ Ресей шарт қоймауы керек

Украина президенті Владимир Зеленский Франция президенті Эммануэль Макронмен телефон арқылы келіссөз жүргізгенін мәлімдеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
«Әрдайым өте конструктивті әңгіме. Біз сенбі күні өткен онлайн-кездесудің нәтижелерін талқыладық», – деді Зеленский.
Оның айтуынша, Украинаға қолдау көрсететін елдердің коалициясы кеңейіп келеді.
Украина 30 күндік атысты тоқтатуға дайын, бірақ Зеленский бұл үшін Ресей ешқандай шарт қоймауы керек екенін атап өтті.
«Біз бұл туралы Макронмен де сөйлестік. Ресей кезекті талаптарын қоймай, атысты тоқтатуға дайын болуы тиіс», – деп жазды Зеленский.
Келіссөз барысында Украина мен Франция қауіпсіздік кепілдіктерін нақтылау мәселесін де қарастырды. Зеленский Францияның бұл бағыттағы ұстанымын қолдайтынын айтты.
Сондай-ақ, Украина Франциямен бірге болашақ қадамдарды үйлестіріп, халықаралық әріптестермен жұмысты жалғастыратынын жеткізді.
«Бейбітшілікті жақындату үшін жасалған барлық күш-жігер үшін алғыс айтамын», – деп түйіндеді Украина президенті.
Соңғы жаңалықтар





