ҰҚК Әблязовпен байланысы болуы мүмкін бельгиялық кәсіпкерге іздеу жариялады

22.05.2026 15:56 Әсел Мұрат
ҰҚК Әблязовпен байланысы болуы мүмкін бельгиялық кәсіпкерге іздеу жариялады
230
Фото: qamqor.gov.kz

Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қазақстанда мұнай бизнесімен айналысқан 61 жастағы бельгиялық кәсіпкер әрі инвестор Фрэнк Монстрейге іздеу жариялады, деп хабарлайды Politico.kz.

Ақпарат 2026 жылы 22 мамырда Қазақстан Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары порталында жарияланды

Ұлттық қауіпсіздік қызметінің мәліметінше, Фрэнк Джозеф Монстрей 1965 жылы 22 сәуірде туған, шетел азаматы.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті бастамашы болып, іздеу шараларын ҰҚК жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі жүргізіп жатыр. Монстрейдің нақты қандай іс бойынша іздестіріліп жатқаны және оның мәртебесі қандай екені туралы басқа мәліметтер әзірге белгісіз.

Ашық дереккөздердегі мәліметке сәйкес, Фрэнк Монстрей – кәсіпкер, Бельгиядағы ең ықпалды инвесторлардың бірі әрі бұрынғы мұнай магнаты. 2004 жылы ол Nostrum Oil & Gas мұнай компаниясын сатып алған. Бұрын Zhaikmunai деп аталған бұл тәуелсіз халықаралық мұнай-газ компаниясын Лондон биржасына шығарып, мұнай-газ секторынан кеткен болатын.

Белгиялық кәсіпкердің есімі қазақстандықтарға Мұхтар Әблязовтың ісі арқылы танылды деуге болады. 2005–2009 жылдары BTA Bank басқарған Мұхтар Әблязов банк қаражатын заңсыз шығарды деген айыптармен үлкен халықаралық дауға іліккен болатын.

ТАСС агенттігінің жазуынша, 2017 жылы БТА кейбір активтер түптеп келгенде Әблязовтың ықпалымен байланысты болуы мүмкін деп күдіктеніп, Nostrum Oil & Gas PLC компаниясындағы акцияларды бұғаттатқан. Ал ол акциялардың 13,2%-ын Nostrum-ның бұрынғы төрағасы Фрэнк Монстрей бақылаған. 
 

Войдите, чтобы оставить комментарий