Ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың есімдері жарияланды
940
ТЖМ Ақтаудағы апат құрбандарының есімдерін жариялады
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтаудағы ұшақ апаты кезінде қаза тапқан қазақстандықтардың тізімін жариялады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Қаза болғандар:
- Төлесінов Сәндібек Екібайұлы, 1988 жылы туған, Жаңаөзен қаласының тұрғыны.
- Жұмағұлов Бауыржан Жұмабайұлы, 1985 жылы туған, Жаңаөзен қаласының тұрғыны.
- Махсудова Галина Растамбековна, 1978 жылы туған, Ақтау қаласының тұрғыны.
- Шаймерденова Гаухар Жұмағатқызы, 1975 жылы туған, Астана қаласының тұрғыны.
- Жұмағат Эльдар, 2013 жылы туған, Астана қаласының тұрғыны.
- Джутаева Салима Аманжолқызы, 1995 жылы туған, Қарағанды қаласының тұрғыны.
Оқиғаның барысы:
25 желтоқсан күні Бакуден Грозныйға бағыт алған Embraer әуе кемесі Ақтау маңында апатқа ұшырады. Ұшақта 69 адам болған, оның ішінде 62 жолаушы және 5 экипаж мүшесі. Қаза тапқандардың саны 38-ге жетті.
Маңғыстау облыстық жедел жәрдем қызметі оқиға орнына 22 бригада жібергенін хабарлады. 28 адам ауруханаға жатқызылды, оның екеуі бала.
Апаттан аман қалғандар арасында қазақстандықтар жоқ. Жағдайды анықтау және зардап шеккендерге көмек көрсету үшін ТЖМ жедел желі іске қосты.
Соңғы жаңалықтар
28.09.2026
22:56
Михаил Шайдоров ISU әлемдік рейтингінде екінші ...
28.09.2026
21:40
Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Германияға б...
28.09.2026
20:32
Самарқандтағы шахмат Олимпиадасы: Қазақстан әйе...
28.09.2026
19:34
Семейде тіркемеге мінген «Өрмекші адам»: полици...
28.09.2026
17:52
«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Жаң...
28.09.2026
17:30
Әл-Фарабидегі жол апаты: полиция бастығының экс...