Зеленский Трамптан Ақ үйдегі дау үшін кешірім сұрады
974
Зеленский Трампқа кешірім сұраған хат жолдады
Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президенті Дональд Трамптан Ақ үйде болған дау үшін ресми түрде кешірім сұрады, деп хабарлайды POLITICO.KZ Fox News арнасының дерегіне сүйене отырып.
"Зеленский Ақ үйдегі инцидент үшін Трампқа кешірім сұраған ресми хат жіберді", – деп мәлімдеді АҚШ президентінің Таяу Шығыстағы арнайы өкілі Стив Уиткофф.
Еске салсақ, Зеленский мен Трамп Ақ үйдегі кездесу барысында пікірталасқа түсіп, дау туындаған.
Бұл оқиға АҚШ-тың Украинаға әскери көмекті тоқтатуға және украин жер қойнауы туралы келісімді бұзуға себеп болды.
АҚШ-тың танымал журналисі Сеймур Херш Зеленскийдің болашағы туралы да пікір білдірді.
"Зеленскийге Украинадағы қақтығыс шешілгеннен кейін ешқандай рөл берілмейді", – деп мәлімдеді ол.
"Инсайдерлердің айтуынша, Зеленский біраз уақыт қалады, бірақ бір жыл ішінде оны алмастырып, соғыс тоқтайды", – деп жазады журналист.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
20:21
Karachaganak Support Service басшысы 948 млн те...
08.10.2026
19:50
Қазақстанда жәрдемақы көрші елдерден жоғары: эк...
08.10.2026
19:37
Қазақстанда үш жанармай бекетінен сапасыз бензи...
08.10.2026
19:10
Қазақстан Орталық Азияда әлеуметтік қорғау бойы...
08.10.2026
18:42
Непалда жоғалған екі қазақстандық әлі табылмады...
08.10.2026
18:28
Астанада алаяқ футболшыларды Испанияға апарамын...