Зеленскиймен де, Путинмен де сөйлесті: Трамп Украинадағы жағдай туралы қуанышты хабар жеткізді
АҚШ басшысы Дональд Трамптың айтуынша, Америка Құрама Штаттары мен Еуропа Украинаның қауіпсіздігіне кепілдік берумен айналысып жатыр және Еуропа бұған үлкен үлес қосады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
«Біз Еуропамен бірге қауіпсіздік кепілдігі бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Еуропа бұған үлкен үлес қосады», - деді Трамп Ақ үйде.
Сонымен қатар АҚШ президенті Украинадағы қақтығысты реттеуде айтарлықтай ілгерілеушілік барын мәлімдеді. Оның айтуынша, қақтығысты реттеу мәселесі шешілуге жақын қалды.
Ол сондай-ақ жақында Германияда өткен келіссөздерді өте жақсы деп бағалады.
Трамп соңғы күндері Украина президенті Владимир Зеленскиймен, сондай-ақ Германия, Италия, Финляндия, Франция, Ұлыбритания, Польша, Норвегия, Дания және Нидерланды басшыларымен, сонымен қатар НАТО өкілдерімен ұзақ әрі мазмұнды келіссөздер жүргізген. Бұдан бөлек АҚШ президенті Ресей президенті Владимир Путинмен де бірнеше рет сөйлескенін растады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
30.10.2026
11:38
Аңсар Айдаров «Самұрық-Энерго» басшысы болып та...
30.10.2026
11:28
Ерлан Қарин қырғыз әншісін орденмен марапаттады
30.10.2026
11:19
«Хайп қуды демесін»: Дархан Мұсаев тағы бір жаң...
30.10.2026
10:23
Желіде танылған бала полиция бастығынан Тоқаевт...
30.10.2026
10:23
Ұзынағашта балаларға Құран үйретіп жасырын дін...
30.10.2026
10:01
«Ішумен өтті»: Төреғали Төреәлі желіде кезекті ...