Жамбыл облысында 15 жастағы оқушы төбелесте қаза тапты

05.10.2026 • 19:48 Қарақат АСЫЛОВА
Жамбыл облысында 15 жастағы оқушы төбелесте қаза тапты
240
Фото: envato

Жамбыл облысының Байзақ ауылында қатарласымен жанжалдасқан 15 жастағы жасөспірім алған жарақатынан қайтыс болды, деп хабарлайды Politico.kz.

Облыстық білім басқармасы оқиғаның 3 қазанда сағат 22:00 шамасында болғанын растап, қаза тапқан баланың 2011 жылы туғанын хабарлады.

Оқиғаға қатысы бар екінші жасөспірімді ұстап, полиция бөліміне жеткізген. Жамбыл облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Іс Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігі (адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіріп, абайсызда оның өліміне әкеп соғу) бойынша тергеліп жатыр.

Полиция тергеудің жалғасып жатқанын және департамент басшылығының бақылауында екенін мәлімдеді.

Войдите, чтобы оставить комментарий