«Жаңа жылға дейін көп мөлшерде зейнетақы түседі»: министрлік шұғыл мәлмдеме жасады

25.12.2025 15:14 Әсел Мұрат Әсел Мұрат
«Жаңа жылға дейін көп мөлшерде зейнетақы түседі»: министрлік шұғыл мәлмдеме жасады
0
155
Фото: ашық дереккөз

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тарап жатқан фейк-ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Politico.kz.

Министрліктің мәліметінше, мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде 2026 жылдың қаңтар айының зейнетақы төлемдері 2025 жылдың 30 желтоқсанына дейінгі кезеңде, өсімді ескере отырып, мерзімінен бұрын аударылатыны туралы таралып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. 

«Зейнетақы мен жәрдемақыларды төлеу бекітілген кестеге сәйкес жүргізілетінін хабарлаймыз. Индексацияны ескере отырып, қаңтар айының зейнетақы төлемдері алушыларға 2026 жылдың қаңтар айында аударылады», - деп хабарлайды еңбек министрлігі.

Желтоқсан айының зейнетақы төлемдері толық төленіп қойған. 
Еңбек министрлігі азаматтардан жеке деректердің таралып кетуін болдырмау үшін осыған ұқсас хабарламалармен бірге келетін күмәнді сілтемелерге өтпеуді сұрады.

Мемлекеттік қолдау шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен SMS-хабарламалар арқылы, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстары арқылы таратылады.
 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий