«Жапонияны артта қалдырдық»: Қазақстан интернет жылдамдығы бойынша нешінші орында
754
Speedtest Global Index 2025 жылдың екінші жартыжылдығында ең жылдам интернеті бар елдердің рейтингін жариялады. Мобильді интернет жылдамдығы бойынша Қазақстан 45-орынға жайғасқан, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Салыстырмалы түрде жазсақ, Қазақстан Канада (46-орын), Италия (50), Испания (52), Германия (56), Ұлыбритания (57), Жапония (64) сынды дамыған мемлекеттерден жоғары тұр. Еліміз екінші жартыжылдықта 94,54 Мбит/с орташа жүктеу жылдамдығын еңсерген.
Қалалар рейтингі бойынша да Астана мен Алматы жоғары көрсеткішке ие.
Астана – 62-орын, 132,13 Мбит/с болса, Алматы 63-орынға (130,72 Мбит/с) тұрақтаған, тиісінше Токио 94-орында тұр.
Ал кеңжолақты интернет бойынша Қазақстан 89-орынға тоқтады. Орташа жылдамдық – 82,47 Мбит/с.
Мобильді интернеттің көшбасшылары БАӘ (652,87 Мбит/с), Қатар (515,23 Мбит/с) және Кувейт (384,40 Мбит/с). Ең төмен көрсеткіш(13,96 Мбит/с) Боливияға тиесілі.
Соңғы жаңалықтар
03.10.2026
17:19
Түнде Астанада әскери техника қаптады: Билік се...
03.10.2026
16:01
Дубай–Тель-Авив рейсіндегі төтенше жағдай: Екін...
03.10.2026
15:05
Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі үш жоғары лауа...
03.10.2026
14:17
Қызылорда облысында 500-ден астам мұғалімнің же...
03.10.2026
13:16
Түрмеде отырып 4 млн теңге жымқырған: Қазақстан...
03.10.2026
12:21
Қарызын сұрағаннан кейін үйіне мылтықпен барған...