"Жақсы күйеу бола алмаған шығар...": Тұрсынбек Қабатовтың қызы жан сырын ақтарды

10.11.2025 15:14 Мөлдір Талғат
0
246
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Тұрсынбек Қабатов отбасымен

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қызы Айару Қабатова әлеуметтік желідегі жеке парақшасында әкесімен қарым-қатынасы мен соңғы уақытта қоғамда туындаған пікірлерге қатысты ойын айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Айарудың сөзінше, әлеуметтік желілерде әкесіне бағытталған түрлі теріс пікірлерге қарамастан, ол үшін Тұрсынбек Қабатов — ең сүйікті әрі ең жақсы әке болып қала береді.

“Қазір бәрі оның қандай жаман адам екенін айтып жатыр. Бірақ ол мен үшін әрқашан ең жақсы әке болып қала береді. Мен оны бұл өмірде бәрінен қатты жақсы көремін және ерекше бағалаймын. Мүмкін, ол күйеу ретінде өзін жақсы көрсете алмаған шығар. Бірақ әке ретіндегі рөлінде — нағыз үлгі. Себебі ол әрдайым бізге сүйіспеншілігін білдіріп, қамқорлығын көрсетіп келеді”, — деп жазды Айару Тұрсынбекқызы.

Ол сондай-ақ соңғы күндері әлеуметтік желілерде жазылып жатқан ауыр пікірлердің өзіне ауыр тиіп жатқанын жасырмады.

 “Адамдардың әкем туралы ауыр сөздер жазғанын оқу маған өте қиын. Өйткені саған жақын адамды ренжіткенде, жүрегің ауырады. Сол сәтте бар күшіңмен оны қорғағың келеді. Бірақ менің бұл қорғанысымды ешкім байқамайды”, — деді ол.

Айару әкесімен арақатынасы жақсы екенін айтып, екеуінің ашық сөйлесіп, өзара түсіністік орнатқанын атап өтті.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий