Жетісу облысында дүкенде газ жарылды: бірнеше адам зардап шекті (ВИДЕО)
788
Жетісу облысы Ескелді ауданына қарасты Қарабұлақ ауылындағы азық-түлік дүкенінде газ-ауа қоспасы жарылды, деп хабарлайды Politico.kz.
Оқыс жағдай 15 ақпан күні шамамен сағат 18:45 шамасында тіркелген.
Жарылыс салдарынан ғимараттың сыртқы қабырғасы мен шатырының бір бөлігі құлап, шамамен 36 шаршы метр аумақ зақымданған.
Үш адам түрлі жарақат алып, медициналық тексерістен кейін орталық аудандық ауруханаға жеткізілді.
Аудан әкімдігінің мәліметінше, зардап шеккендердің жағдайы орташа, тұрақты
Оқиға орнына Жетісу облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары жедел жетіп, 27 қызметкер мен 6 техника жұмылдырылды.
Қазір оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр.
Соңғы жаңалықтар
01.10.2026
21:14
Бейнеуде адам өліміне әкелген жол апаты: Полици...
01.10.2026
21:10
Қазір кез келген адамға есігімді ашпаймын — Роз...
01.10.2026
20:32
Роза Әлқожа: Жігіт таңдап жүруге уақытым болған...
01.10.2026
20:13
Зейнеткерді бірнеше күн қамауда ұстап, үйін тар...
01.10.2026
19:31
Мейрамбек Беспаев ауруынан толық айықты ма? 8 ж...
01.10.2026
19:07
Ерболат Жаңабылов пен жұбайы отбасылық жанжалда...