«Жұрт бәрін біледі ғой»: Тұрсынбек Қабатов екінші әйелімен видеосы үшін желіде сынға қалды

19.12.2025 16:13 Айсұлу Мұрат
«Жұрт бәрін біледі ғой»: Тұрсынбек Қабатов екінші әйелімен видеосы үшін желіде сынға қалды
938
Коллаж: Politico.kz

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелімен бірге жүрген видеосы әлеуметтік желіде кеңінен тарап, қызу талқыға түсті. Көпшілікке жолда түсірілген бейне бірден назар аудартып, желі қолданушыларының түрлі пікіріне себеп болды, деп хабарлайды Politico.kz

Видеода Тұрсынбек Қабатов пен жұбайы қатарласа жүргені байқалады. Алайда бұл көрініс жұрттың бәріне бірдей ұнай қойған жоқ.

Көптеген оқырман «Енді несіне жасырынсын, бәрібір жұрттың бәрі біледі», «Жасырып жүргендей әсер қалдырады», «Қартайып кеткен сияқты», «Екінші әйелінен сонша қорқатындай не бар?» деп сын айтса, енді біреулері «Бақытты болсын, өз өмірі», «Адам ғой, түбінде бәрі белгілі болды», «Бастысы, тыныш жүрсе болды» деп араша түсті.

Сонымен қатар кей пікір иелері бұл жағдайдың балаларына әсер ететінін де атап өтті.

«Әрине, балаларының жүрегіне ауыр тиеді», «Балаларды да ойлау керек еді», – деп жазғандар да болды.

Қалай болғанда да, Тұрсынбек Қабатовтың жеке өміріне қатысты бұл видео желіде әлі де талқыланып, пікірталас тудырып жатыр. Өнер иесінің өзі бұл жағдайға қатысты әзірге ешқандай ресми пікір білдірмеді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий