«Әділеттің арқасында медаль алды»: Ұлдана Мырзуанның енесі алғаш рет үн қатты

07.08.2026 19:15 Қарақат АСЫЛОВА
«Әділеттің арқасында медаль алды»: Ұлдана Мырзуанның енесі алғаш рет үн қатты
273
Фото-коллаж: Politico.kz

Астанада қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанның жұбайы Әділет Зейнел мен марқұмның бұрынғы енесі сұхбат беріп, алдағы ас беру рәсімі мен тергеу барысына қатысты пікірлерін айтты, деп хабарлайды Politico.kz.

Әділет Зейнелдің айтуынша, Ұлдананың жылдық асы қараша айында жақын туыстарының қатысуымен өтеді. Ол қазіргі жары бұл шешімді түсіністікпен қабылдап, өзін толық қолдап отырғанын жеткізді.

«Жылдық асты ең жақын адамдарымызбен өткіземіз. Құран бағыштап, дұға жасаймыз», – деді ол.

Ал марқұмның бұрынғы енесі Ұлдананы әлі күнге дейін ұмытпағанын айтып, оның қазасы бүкіл елге ауыр соққы болғанын жеткізді.

Сондай-ақ ол әлеуметтік желілерде Әділет Зейнелге қатысты айтылып жүрген пікірлерге тоқталып, оның жұбайының ерлігін дәлелдеу үшін күресіп жүргенін мәлімдеді. Оның сөзінше, бастапқыда оқиға бойынша кінә фельдшерге тағылғанымен, кейін Әділеттің талап-тілегі мен әрекетінің нәтижесінде Ұлдананың қызметтік ерлігіне лайықты баға берілген.

Бұрынғы енесінің айтуынша, Әділет істің соңына дейін жетіп, Ұлдананың ерлігінің толық мойындалуы үшін күресін жалғастырмақ.

Войдите, чтобы оставить комментарий