Алматыда әйел автобустан құлап, омыртқасын сындырды
Алматы қаласында қоғамдық көліктен түсу кезінде жолаушы әйел ауыр жарақат алды. Оқиға салдарынан оның омыртқасы сынған, деп хабарлайды Politico.kz.
Almaty Today Telegram-арнасының мәліметінше, оқиға 21 желтоқсанда №104 бағыттағы автобуста болған. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, жүргізуші әйел жолаушы автобустан толық түсіп үлгермей жатып қозғалысты бастап кеткен. Соның салдарынан әйел адам құлап, омыртқа сүйегінен жарақат алған.
«Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша Алматы қаласы Жетісу ауданы Полиция басқармасы тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр», – деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда іс бойынша тексеру амалдары жүргізілуде. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын, соның ішінде қоғамдық көлік жүргізушісінің және жолаушының әрекеттерін анықтап жатыр. Бұл туралы Жетісу ауданы Полиция басқармасы мәлімдеді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
11:24
Тоқаев «Халықтық құрылыс» бағдарламасын іске қо...
28.10.2026
11:21
Тоқаев Қазақстанда жаңа тарихи кезең басталғаны...
28.10.2026
11:12
«Қазақмыс» кеніштерінде 346 тау-кен жабдығы жөн...
28.10.2026
10:13
Қазақстанда 2027 жылы зейнетақы 8,5 пайызға өсу...
28.10.2026
10:09
Петропавлда белгісіз сұйықтық ішіп қойған үшін...
28.10.2026
09:34
Жаңа туған екі сәбиін тұншықтырып өлтірген әйел...