Алматыда ер адам ауладағы дәретханадан өлі күйінде табылды
Алматының Жетісу ауданындағы жалдамалы жеке үйлердің бірінен ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Politico.kz.
Қайғылы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, полиция оның мән-жайын анықтап жатыр. Полицияның мәліметінше, ол үйдің ауласындағы сыртқы дәретханадан өлі күйінде анықталған. Тергеу барысында ер адамның өліміне не себеп болғаны да анықталмақ.
Полицияның мәліметінше, ер адам ағасымен бірге тұрған. Жұмыс істеген және қалыпты өмір салтын ұстанған. Сондай-ақ оның алкогольдік ішімдік пен өзге де зиянды әдеттерге әуес болмағаны айтылды.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
11:24
Тоқаев «Халықтық құрылыс» бағдарламасын іске қо...
28.10.2026
11:21
Тоқаев Қазақстанда жаңа тарихи кезең басталғаны...
28.10.2026
11:12
«Қазақмыс» кеніштерінде 346 тау-кен жабдығы жөн...
28.10.2026
10:13
Қазақстанда 2027 жылы зейнетақы 8,5 пайызға өсу...
28.10.2026
10:09
Петропавлда белгісіз сұйықтық ішіп қойған үшін...
28.10.2026
09:34
Жаңа туған екі сәбиін тұншықтырып өлтірген әйел...