Алматыда ер адам самокаттан құлап, көз жұмды
Алматыда электросамокат мінген 44 жастағы ер адам жол-көлік оқиғасынан кейін қайтыс болды, деп хабарлайды Politico.kz.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Варламов көшесінде, Төле би даңғылына жақын маңда болған. Ер адам электросамокатпен келе жатып, басқаруды игере алмай, бордюрге соғылған. Салдарынан ол құлап, ауыр жарақат алған.
Оқиға орнына дәрігерлер шақырылып, мамандар зардап шеккен азаматқа медициналық көмек көрсетіп, оны аман алып қалу үшін реанимациялық шаралар жүргізген. Алайда ер адам алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды.
Алдын ала мәлімет бойынша, марқұм самокат тепкен кезде шлем және басқа да жеке қорғаныс құралдарын пайдаланбаған.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
11:21
Тоқаев Қазақстанда жаңа тарихи кезең басталғаны...
28.10.2026
11:12
«Қазақмыс» кеніштерінде 346 тау-кен жабдығы жөн...
28.10.2026
10:13
Қазақстанда 2027 жылы зейнетақы 8,5 пайызға өсу...
28.10.2026
10:09
Петропавлда белгісіз сұйықтық ішіп қойған үшін...
28.10.2026
09:34
Жаңа туған екі сәбиін тұншықтырып өлтірген әйел...
27.10.2026
21:56
Microsoft 60 мың қызметкеріне өз еркімен жұмыст...