Алматыда "Микромобильділіктің Бірыңғай операторы" жұмысының алғашқы қорытындысы шықты

"Микромобильділіктің Бірыңғай операторы" ЖШС Алматыда микромобильділік саласында басқарудың жаңа үлгісінің тиімділігін растай отырып, маусым–шілде айларындағы жұмыс нәтижелерін ұсынды.
Алғашқы нәтижелер
Жоба 2025 жылдың 1 маусымында Алматы қаласының Қалалық мобильділік басқармасының бастамасымен Полиция департаментінің қолдауымен және Jet, Яндекс Go және Whoosh шерингілік компанияларымен серіктестікте жүзеге асырылды. Жаздың екі айында оператор скауттар 827 760 электрсамокатқа тапсырыс берді: Маусым айында-488 799;
Шілдеде-338 961.
Алматы еліміздегі бірыңғай оператор үлгісін енгізген алғашқы қала. Бұл қадам самокатты дұрыс қоюды жүйелі түрде ретке келтіруге, қала тұрғындарының шағымдарының санын азайтуға және көшелердегі қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік берді. Бүгінде Алматы қаласында күн сайын электрлі самокаттармен 100 мыңға жуық қозғалыс қамтамасыз етіледі. Ал скауттардың жұмысы тұрғындар үшін тәртіп пен ыңғайлылықты сақтауда шешуші рөл атқарады.
Тәртіп пен қауіпсіздік
Операторға мемлекеттік органдар мен азаматтардан 128 өтініш келіп түскен. Басым бөлігі самокаттардың ақауларына шағым түсірген. 522 бұзылу жағдайы анықталып, операторларға берілді. Тұрақты патрульдік қызметтің арқасында пайдаланушылар үшін қауіптердің алдын алуға мүмкіндік туды.
Тәртіпсіздікті бақылау үшін қалада 15 негізгі учаскелер бөлінді. Ол — самокат қозғалысын тұрақты бақылауды қажет ететін ең тығыз аймақтар. Жақын арада компания кезекшілік аймақтарының санын арттырып, қосымша бақылау құралдарын енгізуді жоспарлап отыр.
Қала мен қоғамға қосқан үлесі
Екі айдың ішінде скауттар, супервайзерлер және техниктер үшін 50-ден астам жұмыс орны ашылды. Қызметкерлер қоғамдық іс-шараларда да кезекшілік етті: шілде айында футбол ойындары кезінде орталық стадионда тәртіпті қамтамасыз етті. Микромобильділікті дамыту қаланың экологиясы мен көлік жүйесі үшін өте маңызды: тұрғындар діттеген жеріне тез жету үшін көліктің орнына самокат таңдайды, бұл жолдағы кептелісті азайтады және атмосфералық ауаны ластайтын шығарындыларды азайтады.
Жобаның стратегиялық маңызы
Жоба жол-көлік оқиғалары мен ауыр жарақаттарды азайтуға бағытталған Vision Zero халықаралық бастамасының қағидаттарына сәйкес келеді. Алматыда бұл бастама заманауи инфрақұрылымды дамытуға және қауіпсіздікті арттыруға бағытталған Vision Zero Almaty бағдарламасы арқылы жүзеге асырылады. Жоба мемлекеттің басымдықтары — экологиялық таза көлікті дамытуға, қалалық ортаны цифрландыруға және тұрақты урбанизацияға негізделген. Ол "жасыл мәміле" және тұрақты даму мақсаттарын (SDGs және ESG) жүзеге асыруға үлес қосады. Бұдан басқа, жоба өзін-өзі реттеу қағидаттарына негізделген шерингтік операторлар жұмысының бірыңғай стандарттарын қалыптастырады. Бұл мемлекеттік органдарға жүктемені азайтады және ел ауқымында нормативтік-құқықтық базаны қалыптастырады.
"Микромобильділіктің Бірыңғай операторы" қауіпсіз және жайлы қалалық ортаны дамытудың маңызды құралына айналды. Бүгінде еліміздің өзге қалаларына үлгі ретінде қарастырылуда.
Соңғы жаңалықтар





