Ақтау мәйітханасына қаза тапқан сарбаздардың туыстары жиналды (ВИДЕО)

Ақтау мәйітханасына қаза тапқан сарбаздардың туыстары жиналды (ВИДЕО)
Видеодан кадр

Ақтау қаласындағы мәйітханада Каспий теңізіндегі қайғылы оқиғадан қаза тапқан әскери қызметшілердің туыстары мен жақындары жиналды, деп хабарлайды Politico.kz.

Олар марқұмдардың денесін тану мүмкіндігін беруді талап еткен.

Қазір жергілікті билік қаза тапқан сарбаздардың денелерін туған жерлеріне жеткізу жұмыстарын ұйымдастырып жатыр. Мәйіттерді тікелей Ақтау моргынан туыстарына беру қарастырылмаған.

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязовтың айтуынша, қаза болған әскери қызметшілердің денелері жақын арада тұрғылықты жерлеріне жеткізіліп, туыстарына табысталады.

Осылайша, марқұмдардың денелерін тану және жерлеуге қатысты ұйымдастыру жұмыстары олардың туған жерлерінде жүргізіледі.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу