Ақтаудағы ұшақ апаты: "оқ атуға бұйрық берген" ресейлік капитанның хаты тарады

2024 жылдың 25 желтоқсанында Ақтау маңында орын алған Embraer 190 ұшағының апатына байланысты жаңа деректер жария етілді.
Апатқа ұшыраған әзірбайжандық жолаушылар ұшағына қатысты ресейлік капитан Дмитрий Паладичуктің түсіндірме хаты Minval басылымы арқылы жарық көрді. Хатпен бірге оқ ату сәтіне қатысты бейне және аудиожазбалар да ұсынылған. Құжат мазмұнына сәйкес, капитан қалың тұман салдарынан визуалды бақылау мүмкін болмағанын, алайда радар арқылы тіркелген нысанға оқ ату туралы шешімді өзі қабылдағанын мойындаған. Бірінші зымыран дәл нысанаға тимеген соң, екінші мәрте оқ атуға бұйрық бергені де нақтыланған.
The Insider басылымының деректеріне сәйкес, Дмитрий Паладичук Ресейдің әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімдерінде қызмет еткен және түсіндірме хаты шынайы екендігі дауыс пен қолтаңба сараптамасы арқылы дәлелденген. Бұл ұшақ апаты кезінде бортта 67 жолаушы болған, оның ішінде 38 адам қаза тауып, 29 жолаушы аман қалған. Аталған оқиға халықаралық деңгейде кең резонанс туғызып, Ресейдің әрекеті әлемдік қауымдастық тарапынан қатты сынға ұшырады.
Соңғы жаңалықтар





