Астанада 16 жастағы қызды зорлап, өлтіріп кеткен

18.12.2025 15:23 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
Астанада 16 жастағы қызды зорлап, өлтіріп кеткен
0
307
Фото:depositphotos.com

Астанада 16 жастағы жасөспірім қызды зорлап, өлтіру дерегі бойынша қылмыстық істе жаңа мәліметтер белгілі болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

 Tengrinews.kz мәліметінше, Сенат кулуарында журналистер Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепёхадан күдіктілерге қатысты ақпаратты сұрады.

Оның айтуынша, аталған қылмыстық іс бойынша екі адам қамауға алынған.

«Екі адам тұтқындалды. Қазіргі уақытта бұдан артық ақпарат бере алмаймын», – деп қысқа жауап берді вице-министр.

Тергеу барысы

Қылмыстық істерді тергеу кезеңінде деректердің көпшілігі жария етілмейді. Құқық қорғау органдары бұл жағдайда ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сүйенеді. Аталған бапта сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жариялауға тыйым салынатыны көрсетілген.

Қайғылы оқиға туралы бұрын не белгілі

Бұған дейін Астанадағы бұл ауыр қылмыс туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов хабарлаған болатын. Оның мәліметінше, 18 қараша күні шамамен 16 жастағы жасөспірімдер тобы спирттік ішімдік ішкен. Алкогольдік өнімдер оларға қаладағы дүкендердің бірінде заңсыз сатылған.

Осыдан кейін жасөспірімдер 16 жастағы қызды аса қатыгездікпен зорлап, өлтірген.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий