Астанада мешітте ұрлық жасаған күдікті ұсталды
Астанадағы мешіттердің бірінде келушінің ұялы телефоны ұрланып, оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалды, деп хабарлайды Politico.kz.
Полицияның мәліметінше, ер адам таңғы намаздан кейін демалу үшін ұялы телефонын жанына қойып, қуаттағышқа қосып кеткен. Осы сәтті пайдаланған басқа бір келуші айналасында ешкімнің жоқ екеніне көз жеткізіп, телефонды үн-түнсіз жымқырып, оқиға орнынан тайып тұрған.
Жедел-іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары сол күні-ақ бейнекамера жазбалары арқылы күдіктіні анықтап, құрықтады. Ол 25 жастағы ер адам болып шықты. Ұрланған мүлік тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Тәртіп сақшылары қала тұрғындарын қоғамдық орындарда бағалы заттарға мұқият болуға шақырады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
16.10.2026
22:00
Іш киімін шешіп, балалар арбасына дәрет сындырм...
16.10.2026
21:48
Қызылордада көлік қағып, қаза тапқан 5 айлық сә...
16.10.2026
21:10
Резонансты іс қайта қаралды: Алматының бұрынғы ...
16.10.2026
20:34
Қазақстанда 2027 жылға діни мерекелердің күнтіз...
16.10.2026
19:59
Қазақстан Орталық Азиядағы әуе тасымалы нарығын...
16.10.2026
19:11
“Есікті бұғаттап, ұрып жіберді”: Алматыда бойже...