Астаналық оқушы сыныптасын қыз үшін аямай соққыға жықты (ВИДЕО)
1374
Желіде жерде жатқан жасөспірім ұлды қатарласы ұрып жатқаны, ал жанындағы оқушылардың қарап тұрғаны түсірілген видео тарады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Оқиға Астанадағы «Мечта» тұрғын үй кешенінде болған. Тұрғын үй №71 мектептің жанында орналасқан.
Қалалық полиция тексеру барысында жанжалдасқандардың бәрін анықтады.
Жасөспірімдердің бірі қызға жақтасқаны белгілі болды. Оның сөздері қатарласына ұнамай, екеуінің арасында жанжал туындаған. Кейін жанжал соңы төбелеске ұласқан.
Кәмелетке толмағандарға қатысты қоғамдық орында бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Іс материалдары саралану үшін сотқа жіберілді.
Соңғы жаңалықтар
26.09.2026
17:15
Тоқаев Қорғаныс министрлігін кешенді тексеретін...
26.09.2026
16:36
“Олар біз үшін өліп пе?”: Аза тұту күні эфирге ...
26.09.2026
15:36
«Әкемді кінәлі етіп шығармаңыз»: Каспийдегі жағ...
26.09.2026
14:28
Каспийдегі қайғылы оқиғадан аман қалған үшінші ...
26.09.2026
13:15
Қазақстандық Альфия Тілекқабыл парадзюдодан әле...
26.09.2026
12:09
Мақсат Мұқаш Ақтау қаласының жаңа әкімі болып т...