Автобус өзенге құлады: қаза тапқандар бар
926
Аргентинаның солтүстік-шығысында автобус көпірден ағып жатқан бұлаққа құлап, кемінде тоғыз адам көз жұмды.
Бұл туралы TN телеарнасы мәлімдеді.
Алдын ала мәлімет бойынша, автобус қарсы бағытта келе жатқан жеңіл көлікпен соқтығысып, соның салдарынан қоршауды бұзып, көпірден төмен құлаған.
Жол апаты кезінде 8 жолаушы мен автобус жүргізушісі қаза тапқан, тағы 29 адам ауруханаға жеткізілген.
Белгілі болғандай, автобус Обера қаласынан Пуэрто-Игуасуға қарай бағыт алған. Екі қала да Мисьонес провинциясында орналасқан. Оқиға болған сәтте трассада қалың тұман болғаны атап өтілді.
Соңғы жаңалықтар
24.07.2026
21:33
Нумеролог Ирина Раззақ: Ажырасқанымды анама үш ...
24.07.2026
21:08
"Өте ақылды әрі қу". Нумеролог Еркебұлан Тоқтар...
24.07.2026
21:05
Қазақстандықтарға автонесие алу жеңілдеуі мүмкін
24.07.2026
20:06
Қазақстанның жаңа паспорты желіге тарап кетті: ...
24.07.2026
19:25
Ақтауда 16 жасар қызды жүйелі түрде зорлап келг...
24.07.2026
18:05
Семейде бір ауданда бір күнде екі бала терезеде...