Әйел көкірек импланттарын ауыстыру кезінде қайтыс болды

Әйел көкірек импланттарын ауыстыру кезінде қайтыс болды
ашық дереккөзден

Мәскеу тұрғыны кеуде импланттарын алмастыру барысында қайтыс болды.

«SHOT» агенттігінің дерегі бойынша, 47 жастағы Наиля кеудесіндегі жасқа байланысты өзгерістерді түзету мақсатында Подольск қаласындағы SOLEI клиникасына операцияға жүгінген. Алайда пластикалық операция барысында жүрегі тоқтап, әйел көз жұмды.

Қазіргі уақытта оның өліміне нақты себептер анықталуда. Белгілі болғандай, Наиля Мәскеуде ұзақ уақыт тұрып келген, рәсім бойынша жұмыс істемеген.

Оқиғаның себебі жан-жақты тексеру нәтижесінде жвқын арада жарияланады.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу