Баласын батареяға байлап, аяусыз сабаған жаркенттік әйел қамауға алынды

19.01.2026 09:07 Әсел Мұрат Әсел Мұрат
Баласын батареяға байлап, аяусыз сабаған жаркенттік әйел қамауға алынды
0
230
Фото: видеодан скрин

Оқиға Жетісу облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласында болған, деп хабарлайды Politico.kz.

Жаркенттік әйелдің баласын аяусыз сабап жатқан видеосы желіде тараған еді

Полиция тексеріс жүргізіп, 28 жастағы әйелдің балаға дене жарақатын салғанын анықтаған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Әйел қажетті тергеу әрекеттерін жүргізу үшін полиция бөліміне жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Екі бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық мән-жайды анықтағанға дейін Отбасын қолдау орталығына орналастырылды.

Қамқоршылық және қорғаншылық органының атына ата-ана құқығынан айыру мәселесін қарау туралы тиісті ұсыныс жолданатын болады.

Тергеу барысы Жетісу облыстық полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында. Тергеу нәтижесі бойынша кінәлі тұлғалар жауапқа тартылады.

Еске сала кетейік, Жетісу облысының Жаркент қаласында өз баласын батареяға байлап, бірнеше минут бойы ұрып-соққан әйелдің видеосын журналист Жанар Нұртазина Instagram желісінде жариялады.

Видеодан шамамен 3–4 жастағы баланың шағын пәтердегі жылу батареясына қара жіппен байланғаны көрінеді. 30–35 жас шамасындағы әйел қорғансыз баланы тепкілеп, ұрып, ауыр сөздер айтқан. Кадрда пәтерде тағы үш баланың жүргені байқалады. Зорлық көрінісін біреу телефонға түсіріп отырған.
Журналистің айтуынша, видеоны баланың әкесі жолдаған, ал соққы көрсеткен - сол баланың анасы.


 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий