Батыс Қазақстанда оқушылар мінген автобус жол апатына түсті: зардап шеккендер бар

31.03.2026 17:15 Әсел Мұрат
Батыс Қазақстанда оқушылар мінген автобус жол апатына түсті: зардап шеккендер бар
282
Фото: БҚО ПД

Батыс Қазақстан облысының Подстепное кенті маңында жолаушылар автобусы мен мектеп автобусының қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Politico.kz.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Самара – Шымкент республикалық автожолымен келе жатқан маршруттық автобус мектеп автобусымен соқтығысып, салдарынан соңғысы инерциямен алда тұрған автокөлікке соғылған.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер тіркелді, олардың ішінде балалар да бар. Қаза болғандар жоқ. Барлығына медициналық көмек көрсетілді», - делінген полиция хабарламасында.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Маршруттық автобус жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеуде. Барлық мән-жай анықталып, әрбір қатысушының әрекетіне құқықтық баға беріледі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккендердің саны мен жағдайы туралы қосымша ақпаратты кейінірек хабарлайтынын мәлімдеді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий