Баян Алагөзованың экс-күйеуі үйленетіні рас па?

26.03.2026 11:21 Мөлдір Талғат
Баян Алагөзованың экс-күйеуі үйленетіні рас па?
248
Фото: видеодан скриншот

Ақтоты Оспанова өзін Бақытбек Есентаевтың қалыңдығы деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты, деп хабарлайды Politico.kz.

Ақтоты Оспанова әлеуметтік желіде тараған суретке қатысты түсініктеме беріп, оның бірнеше жыл бұрын құрбысының құдалығында түсірілгенін жеткізді. Ол Бақытбек Есентаевты құрметтейтінін де атап өтті.

«Бұл тарап жатқан сурет бірнеше жыл бұрын құрбымның құдалығында түсірілген. Бақытбек аға өте жақсы адам және құрметтеймін!

Мен – ұл тәрбиелеп отырған анамын. Ең бірінші ойлағаным, осы ұлым мен 4 ағам, туысым мен құдаларым бар. Ешқашан хайп пен хейтті жақындатпағанмын. Оқырмандар емес – арым мен ұятым биік.

Ол кісі де басы бос ер азамат. Зияны тиіп кетуі мүмкін мұндай нәрселердің...

Әр адамның жеке өмірі үшін бұл алып-қашпа әңгімелер дұрыс емес. Сондықтан кейбір жандардың дұрыс емес, шындыққа жанаспайтын әңгімелеріне сенбеулеріңізді сұраймын!

Парақшаға қатысты қажетті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Достарым тауып беретіні сөзсіз. Әзірше тек осылай айтқым келді», – деді ол.

Сонымен қатар, Оспанова жалған ақпарат таратқан парақшаға қатысты тексеру басталғанын айтты. Ол өзінің абыройын бәрінен жоғары қоятынын атап өтіп, көпшілікті расталмаған мәліметтерге сенбеуге шақырды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий