Берденовті атқан адамның әкесі өз ойымен бөлісті

Берденовті атқан адамның әкесі өз ойымен бөлісті
әлеуметтік желі

Ернар Жиенбайдың әкесі Жиенбай Пралиев өз отбасының атынан Руслан Берденовке қолдау білдірді, деп хабарлайды POLITICO.KZ ELITAR.KZ Telegram арнасына сілтеме жасап.

 Ата-ана ретінде бұл жағдай біз үшін үлкен соққы болды. Ұлымыз Ернар осындай іске барды дегенге әлі күнге дейін сене алмай отырмыз. Болған жағдайға қатты өкінеміз. Қандай жағдай болмасын, шын жүректен, бүкіл отбасымызбен Руслан Берденовтің тезірек сауығып кетуін тілейміз, – делінген мәлімдемеде. 

Ернар Жиенбайдың әкесі тергеу мен сот әділ түрде істің барлық мән-жайын анықтайтынына сенім білдірді.

Ең бастысы келінімізді бұл жағдайға араластырмауларыңызды өтінеміз. Оның бұл оқиғаға ешқандай қатысы жоқ. Ол Руслан Берденовты ешқашан көрмеген, танысы да емес, — деді Жиембай Пралиев.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу