Ботагөз Омарова ісі: Азамат Үсімбеков 600 миллион теңге туралы айыптауға жауап берді

21.05.2026 11:35 Мөлдір Қайнар
Ботагөз Омарова ісі: Азамат Үсімбеков 600 миллион теңге туралы айыптауға жауап берді
73
Фото: видеодан скриншот

Ботагөз Омарованың ісіне байланысты қоғамда қызу талқыланып жатқан дауға қатысты «ВД Инжиниринг» компаниясының құрылтайшысы Азамат Үсімбеков алғаш рет  Ulysmedia.kz сайтына сұхбат беріп, мәселенің анық-қанығын айтты, деп хабарлайды Politico.kz.

Оның айтуынша, конфликт журналист жариялаған бірнеше материалдан кейін басталған.

Кәсіпкердің сөзінше, Ботагөз Омарова компанияны мердігерлерге ақша төлемеді деп айыптаған. Әсіресе әлеуметтік желі мен жарияланымдарда 600 миллион теңге көлеміндегі қарыз туралы ақпарат кең тараған. Алайда Азамат Үсімбеков бұл мәліметтердің шындыққа жанаспайтынын айтты.

«Мені 600 миллион теңгені бермей қойған адам сияқты көрсетті. Бірақ біз ешкімге қарыз болған жоқпыз», – деді Азамат Үсімбеков.

Оның айтуынша, жарияланған видеоларда сөйлеген адамдармен де арнайы кездесулер өткен. Кәсіпкердің сөзінше, олар компанияға тікелей ешқандай қаржылық талабы жоқ екенін айтқан.

«Видеода сөйлеген адамдардың өзі маған ешқандай претензиясы жоқ екенін ашық айтты. Біз барлық құжаттарды, төлемдерді көрсеттік», – деді ол.

Азамат Үсімбеков даулы мәселе үшінші тараптағы мердігер компаниялардың арасындағы ішкі даудан туындағанын жеткізді. Соған қарамастан, оның айтуынша, Ботагөз Омарова жарияланымдарын тоқтатпаған.

Кәсіпкер журналистпен жеке кездескенін де айтты. Оның сөзінше, Ботагөз Омарова жағдайды түсінгендей болған әрі материалдарды өшіру туралы ойланатынын жеткізген.

«Ол “ертең ойланып көремін, қалай өшіруге болатынын қараймын” деді. Мен оған сендім», – деді Азамат Үсімбеков.

Алайда кейін де компанияға қатысты жарияланымдар жалғасқан. Осыдан кейін ғана кәсіпкер заң аясында арыз жазуға шешім қабылдағанын айтты.

Войдите, чтобы оставить комментарий