«Дәрігерлер емдеуден бас тартты» – Гүлзира Айдарбекова шұғыл мәлімдеме жасады

10.07.2026 14:56 Мөлдір ҚАЙНАР
«Дәрігерлер емдеуден бас тартты» – Гүлзира Айдарбекова шұғыл мәлімдеме жасады
101
Фото: видеодан скриншот

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желідегі парақшасында ауыр халде жатқан ағасының жағдайын білуге барғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.

Өнер иесі бауырының денсаулығына алаңдап, қатты уайымдағанын жеткізді. Ол өзіне қолдау білдірген оқырмандарына алғыс айтып, қиын сәтте демеу болған жандардың барына қуанатынын жазды.

«Ағамның жағдайын біліп, ары қарай шараларды бітіруге шықтық. Алла жеңілдігін берсін! Кеше ағамның ауырғаны аздай апасының арыстаны Әмірем ауырып, бүк түсіп нервтан асқазаным сыздап, желкеме тас байлап тастағандай күй кештім. Бүгін шүкірміз! Өткен жолы бауырым Сәбит ағам жайлы салып едім, қаншама оқырмандарым шын жүректен сауығып кетуіне дұға тілеп жазғандарыңызды оқып, сіздердей қолдаушыларым мына өмірде бар екендеріңізге қуанып, көзіме жас алып та қалдым. Біз жәй себепкерміз, бір Алла қолдаушымыз», – деді продюсер.

Сонымен қатар Гүлзира Айдарбекова басқа мамандар бас тартқан кезде көмек қолын созған кардиохирургқа ерекше ризашылығын білдірді.

«Қаншама дәрігерлер емдеуден бас тартып отырғанда, өте ауыр жағдай екенін көре тұра, ем домын жасап кірісіп кеткен: Дәрігер-кардиохирург, кардиолог-терапевт, аритмолог, реабилитолог доктор PhD Нысанов Дәуренбек Мырзашұлына алғысым шексіз! Алдағы уақытта , жазылып кетсе бөлісіп отырамын, бәлкім сіздерге де септігі тиіп қалар», – деп жазды ол.

Войдите, чтобы оставить комментарий