Елдос Сметов алғаш рет балалық шағы аш-жалаңаш өткенін айтты
1118
Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов Нұрлан Қоянбаев жүргізетін «Түнгі студия» бағдарламасында балалық шағы жоқшылықта өткенін айтты.
Жамбыл облысындағы бір ауылда тұрдық. Әкем құрылыс жағында жұмыс істеп, қалада жүрді. Анам үйде болды. Бір тостақ ұн үшін біреудің үйін тазалап жүргені бар. Соны өз көзіммен көріп өстім. «Мама, қарным ашты, нан жегім келіп тұр» деген кезде балаларының бәрін құшақтап жылайтын. Қарнымыз ашып жатыр деп жыласақ, «балам ұйықтап қалшы, қарның ашқанын білмей қаласың» дейтін. Осы нәрсенің бәрін ұмытып кетсем, ол – менің надандығым. Атақ-абыройға, баршылыққа мастанбауыма тағдырымда болған осындай оқиғалар әсер етті. Бұл қиындықтар ата-анама жақсы өмір сыйлауға мотивация болды, - дейді Елдос Сметов.Олимпиада чемпионы бұл оқиға 1998-1999 жылдары болғанын айтты. Бала кезде темір өткізіп, нан алғанын еске түсірді.
Осылай ата-анамның біз үшін қалай еңбек етіп жатқанын көрдім. Мұны еш жерде айтпағанмын, - дейді спортшы.
Соңғы жаңалықтар
14.08.2026
13:45
Қостанай әкімі сотқа берген тасымалдаушымен ақы...
14.08.2026
13:25
Енді үй жануарларын көшеге тастап кетуге болмайды
14.08.2026
13:13
Аттан құлап бір айдай комада жатқан әйел көз жұмды
14.08.2026
12:50
Жетісуда тұрмыстық зорлық құрбандарына көмектес...
14.08.2026
12:36
«Қамшыбекті президент етіп, демалысқа кетемін»:...
14.08.2026
12:35
"Қамауға алынады": Динара Сәтжан ақтөбелік емші...