Ер адам интернет кабелі үшін көршісін өлтіріп тастады
Әзербайжанда интернет кабелін тарту кезінде шыққан жанжал қайғылы оқиғаға ұласты. Қақтығыс салдарынан байланыс желісін орнатуға келген ер адам пышақ жарақатын алып, оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Politico.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, интернет желісін қосу барысында кабельді көрші үйдің аумағы арқылы өткізу мәселесі дау туғызған. Ауызша жанжал кейін төбелеске ұласып, жәбірленушіге бірнеше жерден пышақ сұғылған.
Марқұмның артында жұбайы мен екі баласы қалған. Туыстары оқиғаның тек интернет кабелінен шыққанына күмән келтіріп, қылмысқа бірнеше адамның қатысы болуы мүмкін екенін айтып отыр.
Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, тергеу жүргізіп жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
16.10.2026
22:00
Іш киімін шешіп, балалар арбасына дәрет сындырм...
16.10.2026
21:48
Қызылордада көлік қағып, қаза тапқан 5 айлық сә...
16.10.2026
21:10
Резонансты іс қайта қаралды: Алматының бұрынғы ...
16.10.2026
20:34
Қазақстанда 2027 жылға діни мерекелердің күнтіз...
16.10.2026
19:59
Қазақстан Орталық Азиядағы әуе тасымалы нарығын...
16.10.2026
19:11
“Есікті бұғаттап, ұрып жіберді”: Алматыда бойже...