Израиль соққы жасап жатқан сәтте Трамп Иран халқына үндеу жолдады

28.02.2026 14:13 Қарақат АСЫЛОВА
Израиль соққы жасап жатқан сәтте Трамп Иран халқына үндеу жолдады
394

28 ақпан, сенбі күні Израиль қорғаныс күштері (ЦАХАЛ) Иранға «ескерту соққысы» жасалды, деп хабарлайды Politico.kz.

Министрдің сөзінше, соққы Израильге төнген қауіптің алдын алу мақсатында жасалған. Осыған байланысты ел аумағында ерекше және жедел төтенше жағдай режимі енгізілді. ЦАХАЛ израильдіктерге әуе дабылы қосылған жағдайда паналау орындарына жақын болуды ескертті.

Сенбі таңынан бастап Израильде білім беру шаралары, жиналыстар және кеңселердің жұмысы уақытша тоқтатылды. Азаматтарға бомба панаханаларына жақын жүру және қажет болмаса жолға шықпау ұсынылды. Әскерилер дабылдың мақсаты – ықтимал зымыран шабуылдарына халықты алдын ала дайындау екенін атап өтті.

Ирандық ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, соққылар Тегеран қаласындағы Данешгах даңғылы мен Джомхури ауданына тиген. Пастур ауданында жарылыстан кейін түтін көтерілгені айтылуда. Әлеуметтік желілерде жарылыстардың салдары түсірілген бейнелер тарады. Алдын ала мәлімет бойынша, Иран астанасында кемінде бес жарылыс болған.

Сонымен қатар, АҚШ президенті Дональд Трамп Иран халқына видеоүндеу жасады. Ол АҚШ қарулы күштерінің Иранға қарсы ауқымды әскери операция бастағанын мәлімдеп, ирандықтарды «билікті өз қолдарына алуға» шақырды.

«Ұлы әрі мақтанышқа лайық Иран халқына айтарым: еркіндік сағаты жақын. Паналау орындарында болыңыздар, сыртқа шықпаңыздар – сыртта өте қауіпті», – деді Трамп.

Сондай-ақ ол Иран билігінің ауысатынына үміт артатынын айтып, Иранның Қарулы күштері мен Ислам революциясы сақшылары корпусына қаруды тастауды талап етті.

Қазіргі таңда жағдай күрделі күйінде қалып отыр. Халықаралық қауымдастық Таяу Шығыстағы ахуалдың одан әрі ушығу қаупіне байланысты алаңдаушылық білдіруде.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий