“Махаббат ұлтқа қарамайды”: Болат Әбілов Мұхтар Жәкішевтің қызының таңдауын қолдады

06.06.2026 11:25 Қарақат АСЫЛОВА
“Махаббат ұлтқа қарамайды”: Болат Әбілов Мұхтар Жәкішевтің қызының таңдауын қолдады
246
Әлеуметтік желіден
Болат Әбілов Алтынай Жәкішеваның күйеуі туралы айтты

Қоғам қайраткері Болат Әбілов әлеуметтік желідегі парақшасында досы Мұхтар Жәкішевтің қызы Алтынайдың тұрмыс құрғанын хабарлап, жас жұбайларға ақ тілегін арнады, деп хабарлайды Politico.kz.

Оның айтуынша, Алтынайдың таңдауы Карл есімді азаматқа түскен. Карлдың отбасы бірнеше ұрпақтан бері Ұлыбританияда тұрады және нигериялық тамырларға ие. Болат Әбілов күйеу жігітпен бірнеше жыл бұрын танысқанын айтып, оларды футболға деген ортақ қызығушылық жақындастырғанын жеткізді.

«Карл – белсенді өмір салтын ұстанатын, спортты сүйетін әрі өз саласында табысқа жеткен азамат. Ең бастысы – оның Алтынайға деген құрметі мен шынайы ықыласы анық көрінеді. Бұл кез келген ата-ана үшін ең маңызды нәрсе», – деп жазды ол.

Болат Әбілов Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін жастардың әлемге жолы ашылып, шетелде білім алып, еңбек етіп, өз өмір жолын еркін таңдау мүмкіндігіне ие болғанын атап өтті.

Сондай-ақ ол Алтынайдың қазіргі таңда Лондонда тұрып, еңбек етіп жүргенін және модельдік мансабында елеулі жетістіктерге жеткенін айтты.

Жазба соңында Болат Әбілов Алтынай мен Карлды, сондай-ақ олардың ата-аналарын құттықтап, жас отбасына ұзақ ғұмыр, татулық, береке мен бақыт тіледі.

Войдите, чтобы оставить комментарий