Мақпал Жүнісова: "Қош бол, замандас..."
4165
Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мақпал Жүнісова марқұм Гүлнәр Сиқымбаеваға жазба арнап, жылы естелігін бөлісті. Әнші өнердегі әріптесінің өлімін ауыр қабылдаған.
Мақпал Жүнісова Instagram-дағы парақшасында әсерлі жазба жариялап, марқұм Гүлнәр Сиқымбаеваны еске алды. Өнер иесі жас кезінде Сиқымбаевамен бірге қызмет етіп, бір жатақханада тұрғанын айтты. Мақпал Жүнісова Гүлнәр Сиқымбаева аса қарапайым әрі адами қасиеті мол жан ретінде сипаттады.
"Әріптесім Гүлнәр Сиқымбаева өмірден озды деген суық хабар жеткенде бірге "Гүлдер" ансамблінде қызмет еткен кездер, жатақханада бірге тұрған жылдар көз алдыма тізбектеле берді. Өте қарапайым, көкіректігі жоқ, адами қасиеті мол қыз еді. Кейін мен "Гүлдер" ансамблінен кетіп, Қазақконцертке кеткесін сирек жолығатын болдық. Бірақ жолыға қалсақ арқа-жарқа боп, өткен жылдарымызды еске түсіріп, жақсы әңгіме айтып, сол шақтың қайтып оралмайтынына күрсініп қоятынбыз. Енді небәрі 63 жасында қоштасып қала бердік. Жаның жәннаттың төрінде болсын, Гүлнәр замандас. Байыр балаң, немерелер ғұмырлы болсын, жақыдарына қайғырып көңіл айтамыз. Қош бол, замандас", - деп жазды ол.
Соңғы жаңалықтар
23.07.2026
13:45
Дәптер мұқабасындағы жазулар желіде үлкен дау т...
23.07.2026
12:34
Үш әйелі барын айтып мақтанған алматылық блогер...
23.07.2026
12:02
«Мәсімов мені ол жерде көргісі келмеді»: Ертісб...
23.07.2026
11:35
"Анам қайнысымен шаңырақ көтерді": Мұхамеджан Т...
23.07.2026
10:17
Ұшақ, вилла және суицид: Әлия Назарбаеваның Шве...
23.07.2026
10:14
«Осы елді аяғынан тік тұрғызар едім»: Арон Атаб...