«Мақсатым — оны соттату емес»: Азамат Үсімбеков Ботагөз Омарова ісі туралы

21.05.2026 11:42 Мөлдір Қайнар
«Мақсатым — оны соттату емес»: Азамат Үсімбеков Ботагөз Омарова ісі туралы
73
Фото: коллаж politico.kz

«ВД Инжиниринг» компаниясының құрылтайшысы Азамат Үсімбеков журналист Ботагөз Омарованың сотталғанын қаламайтынын, бірақ оның өз әрекетіне заң алдында жауап беріп, қателігін түсінуі керек екенін айтты, деп хабарлайды Politico.kz.

Кәсіпкердің сөзінше, ол бастапқыда мәселені сотқа жеткізбей шешуге тырысқан. Тіпті жарияланған ақпараттарды өшіріп, жағдайды бейбіт түрде реттеуді ұсынғанын жеткізді.

«Мен бұл мәселені құқық қорғау органдарынсыз, сотсыз шешуге барынша тырыстым», – деді Азамат Үсімбеков.

Оның айтуынша, қоғамда тараған айыптаулар өзіне ғана емес, отбасысына да ауыр тиген. Әсіресе анасының уайымы оған қатты әсер еткенін жасырмады.

«Анам хабарласып, “балам, осының бәрі рас па?” деп сұрады. Адамдар мені біреуді алдап кеткендей қабылдай бастады», – деді кәсіпкер.

Сұхбат барысында Азамат Үсімбеков Ботагөз Омарованы түрмеге жаптыру мақсаты болмағанын да атап өтті. Оның сөзінше, бастысы — журналист өз қателігін мойындап, ақпараттың шындыққа сәйкес келмегенін түсінуі керек.

«Менің ең басты қалауым — оның бұл әрекетті саналы түрде жасағанын түсініп, соны мойындауы», – деді ол.

Сондай-ақ кәсіпкер барлық дау-дамай заң аясында шешілуі тиіс екенін айтты.

«Бұл – менің өзімді қорғауға деген заңды құқығым», – деді Азамат Үсімбеков.

Войдите, чтобы оставить комментарий