"Мені жеңу оңай емес". Ауыр дертпен күресіп жатқан актер ауруханадан шықты
Қатерлі ісікке шалдыққан отандық киножұлдыз, көпшілікке "Рэкетир" фильмі арқылы танылған актер Мұрат Бисембин жазба жариялады.
Актер өзіне қолдау көрсетіп жатқан оқырмандарына алғыс білдірді.
"Мені жеңу оңай емес. Мен міндетті түрде мұның бәрінен өтемін. Маған моральдық және материалдық тұрғыда көмектесіп жатқан барша жанға тағы да алғыс айтқым келеді! Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық тілеймін. Шексіз алғыс", - деп жазды актер.
Еске салайық, бұған дейін танымал актер Мұрат Бисембин обыр ауруына шалдыққаны белгілі болды. Диагноз 3,5 ай бұрын қойылған. Бисембин жергілікті онкоорталықтарда химиотерапия курсынан өткен. Алайда жақындары оған шетелде емделіп келу керегін айтып, ақша жинап бастады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
23.10.2026
14:37
Президент Республика күніне орай екі мыңнан аст...
23.10.2026
14:36
«Балаларымды әкеліп берші»: Моңғолиядан келген ...
23.10.2026
14:23
Үкімет жағдайды зерттеп жатыр: Тоқаев әлеуметті...
23.10.2026
14:07
«Экономикаға қан жүгірді»: Тоқаев кейінгі жылда...
23.10.2026
13:55
Әлемде мұндай өзгеріс жоқ: Тоқаев мәлімдеме жасады
23.10.2026
13:47
«Бейқам отыруға болмайды»: Тоқаев шенеуніктерге...