Мобильді аударым: кімнің шоты тексеріледі?

15.11.2025 11:05 Мөлдір Талғат
Мобильді аударым: кімнің шоты тексеріледі?
0
82
Фото: tengrinews.kz

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мобильді аударымдарға бақылау енгізу тетігі жасырын кәсіпкерлікті анықтап, көлеңкелі айналымды азайтуға бағытталғанын хабарлады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, бүгінде көптеген кәсіпкерлер тауар мен қызмет ақысын жеке мақсаттағы карталарға мобильді аударым түрінде қабылдап келген. Бұл — заңнамаға сәйкес заңсыз әрекет.

Қарапайым азаматтарға қатысы жоқ

Комитет мобильді аударымдарды бақылау қарапайым адамдардың қаржылық операцияларына әсер етпейтінін ерекше атап өтті. Яғни тұрғындар бұрынғыдай достарына, жақындарына, ата-анасына немесе балаларына еркін ақша жібере береді.

Кім бақылауға ілігеді?

Қадағалау белгілі бір критерий бойынша жүзеге асады:

  • егер жеке тұлға үш ай қатарынан әр айда 100 немесе одан да көп әртүрлі адамнан ақша қабылдаса, оның шоты салық органдарының назарына түседі;
  • бұл ретте аударым саны емес, аударым жасаған адамдардың саны есептеледі. Мысалы, бір адам бірнеше рет ақша жіберсе де, ол бір тұлға ретінде ғана саналады.

Деректер қалай беріледі?

Көрсетілген өлшемшарттан асқан жағдайда банктер азамат туралы мәліметті Мемлекеттік кірістер органдарына жолдайды. Кейін комитет камералдық бақылау жүргізіп, қажет болса азаматқа бұзушылықты жою туралы хабарлама жібереді.

Азамат қандай әрекет жасауы керек?

1. Егер адам жеке кәсіпкер ретінде тіркелген болып шықса, тиісті кезең бойынша салық есептілігін тапсырады.

2. Егер тіркелмеген болса, жеке кәсіпкер ретінде есепке тұрып, кірісті 270.00 декларациясында көрсетіп, 10% жеке табыс салығын төлейді.

Сонымен қатар азамат хабарламамен келіспесе, мысалы, қаражат тек туыстар мен жақындардан түскенін дәлелдей алса, түсініктеме беруге толық құқылы.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий