«Он шақты ит болды»: Көкшетауда қаңғыбас иттер жүкті әйелге шабуыл жасады

16.04.2026 19:20 Қарақат АСЫЛОВА
«Он шақты ит болды»: Көкшетауда қаңғыбас иттер жүкті әйелге шабуыл жасады
394
Көкшетауда қаңғыбас иттер көбейіп кеткен

Көкшетау қаласында қаңғыбас иттердің шабуылынан жүкті әйел зардап шекті, деп хабарлайды Politico.kz.

Оқиға бүгін түске таман Боровской шағын ауданында болған. Жәбірленушінің айтуынша, ол акушердің қабылдауынан шығып, үйіне қайтып келе жатқан. Ешқандай қауіп күтілмеген сәтте шамамен он шақты иттен құралған топ кенеттен шабуыл жасаған.

«Алдымен иттер менің жанымдағы әйелге тап берді, кейін маған ауысты», – дейді зардап шеккен әйел.

Абырой болғанда, жақын маңда жүрген ер адам көмекке келіп, иттерді қуып жіберген. Ол жедел жәрдем шақырған.

Дәрігерлер әйелдің жарақатын өңдеп, оған құтыруға қарсы екпе курсын тағайындады. Қазіргі таңда ол вакцинациядан өтуі тиіс. Алайда болған жағдайдың болашақ сәбидің денсаулығына қалай әсер ететіні әзірге белгісіз.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, аталған шағын аудандағы №11 мектеп маңында қаңғыбас иттер көптен бері жүреді. Мұндай жағдайлар бұған дейін де тіркелген.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий